Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Концессиялар туралы

Концессиялар туралы
18-1-бап. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету



Ст. 18-1 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167



1. Әлеуетті концессионер:

1) өзінің конкурстық өтінімін осындай конкурстық өтінімдер ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не оны өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

2) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);

3) өзін конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда концессия шартын жасасатынына кепілдік ретінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

2. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты шеңберінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

3. Әлеуетті концессионер екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысып отырған болса, ол конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

4. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) мемлекеттік органдар болып табылатын конкурсты ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын;

2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.

Әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін оның енгізілген кепілдік ақша жарнасына толықтай не оның бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті концессионер енгізген кепілдік ақша жарнасын конкурсты ұйымдастырушының пайдалануына жол берілмейді.

5. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай:

1) әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;

2) конкурстың жеңімпазы болып анықталған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жазылады.

7. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионер енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) осы әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды;

3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурстың жеңімпазы болып анықталған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) концессия шарты күшіне енген;

5) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімі қолданысының мерзімі өтіп кеткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

 Ескерту. 3-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...17 18 18-1 18-2 19 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-1-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167