Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Концессиялар туралы
20-1-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері

Ст. 20-1 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Мынадай: 

1) концессиялық жобаны іске асыру үшін әртүрлі инновациялық, шығармашылық, сәулеттік-жоспарлау, ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді, өнертабыстарды жинау мен зерделеу және туындаған мәселелер бойынша әлеуетті концессионерлермен келіссөздер жүргізу қажет болған; 

2) эксперименттер, ізденістер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған жағдайларда екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізіледі. 

2. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді: 

1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады: 

конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қорытындысы негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі; 

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпаратты жариялау; 

конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы және конкурстық құжаттаманы ұсынуы; 

әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу; 

әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау; 

біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі; 

2) екінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады: 

біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерімен не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамамен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы; 

тиісті конкурстық өнімдерде қамтылатын концессиялық өтінімдерге сараптама жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберуi; 

комиссияның концессиялық өтiнiм бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтiнiмдердi қарауы; 

осы Заңның 20-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру. 

Ескерту. 3-тарау 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ

Статья 1 ...19 20 20‑1 21 21‑1 ...29

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-1-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167