Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
18-бап. Ақпарат берушілер

1. Мыналар:

1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан әрі – сервистік компаниялар), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;

2) жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;

3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

3-1) коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері;

3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган;

4) ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады.

2. Уәкілеттi органның кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерi ақпарат берушілер ретiнде олардың кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысуы жөнiндегi қызметіне қатысты бөлiгiне ақпарат берушілердiң орындауы үшiн міндетті.

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 № 311, 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться