Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кредиттiк серiктестiктер туралы
20-бап. Кредиттеу тәртiбi



Ст. 20 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400




1. Кредиттiк серiктестiктiң қарыз операциялары кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысында бекiтiлетiн iшкi кредиттiк саясат туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Iшкi кредиттiк саясат туралы ережелерде кредиттердi қамтамасыз ету мен өтеу мерзiмдерi, шарттары, кредиттеу лимиттерi, кредиттiк серiктестiктiң бiр қатысушысына берiлетiн кредиттiң ең көп сомасы қамтылуға тиiс. Кредит кредиттiк серiктестiк жарғысындағы ережелерге сәйкес төленген мiндеттi салымға иелiк ететiн кредиттiк серiктестiктiң қатысушысына ғана берiлуi мүмкiн.

3. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушыларына жеңiлдiк шарттарымен кредиттер беру кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

4. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушыларына кредиттер, егер iшкi кредит саясаты туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, қамтамасыз етiлiп те, қамтамасыз етiлмей де берiлуi мүмкiн. Кепiл, кепiлдiк беру, кепiлгерлiк және Қазақстан Республикасының заңдарында, шартта немесе кредиттiк серiктестiктiң iшкi құжаттарында көзделген басқа да әдiстер кредиттi қайтарудың қамтамасыз етiлуi болуы мүмкiн.

4-1. Кредиттік шартта, осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақы ставкасының мөлшері, жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері (кредиттің нақты құны), сондай-ақ қарыз алушының таңдауы бойынша кредиттi өтеу әдісі қамтылуға тиіс.

5. Тексеру комиссиясы (ревизор) басқарма төрағасына берiлген кредиттер туралы мәлiметтердi жыл сайынғы жалпы жиналыста кредиттiк серiктестiктiң барлық қатысушыларының назарына мiндеттi түрде жеткiзуге тиiс.

6. Кредиттi ресiмдеуге және беруге байланысты барлық қажеттi шығыстарды кредит алған қатысушы өтейдi.

 Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...18 19 20 20-1 21 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400