Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мәдениет туралы
27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары



Ст. 27 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207



1. Мәдени-демалыс ұйымдары - қызметі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттелетін күнделікті көпшіліктің араласу (клубтар, мәдениет және демалыс парктері, мәдениет үйлері мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлері) және басқалары), жеке адамды, көркемөнерпаз халық шығармашылығын дамыту орталықтары.

2. Мәдени-демалыс ұйымдарының негізгі міндеті халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

3. Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметі:

1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;

2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыруға;

3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға;

4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;

5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;

6) этномәдени бірлестіктерді қолдауға;

7) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады.

4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-демалыс ұйымдарын таратуға, егер мұндай тарату халыққа мәдени қызметтердің ең аз көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін болмаса, оған жол берілмейді.

5. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың мәдени-демалыс іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік мәдени-демалыс ұйымдарына бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік субсидиялар бөлінеді.

 Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...25 26 27 28 28-1 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207