Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Магистральдық құбыр туралы
11-бап. Магистральдық құбыр



Ст. 11 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы



1. Магистральдық құбырларға магистральдық мұнай құбырлары, газ құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары жатады.

2. Магистральдық құбыр желілік бөліктен және осы баптың 3-тармағында көрсетілген объектілерден тұрады.

3. Магистральдық құбыр объектілерінің құрамына бірыңғай технологиялық процеспен байланысты жер учаскелерін алып жатқан құрылғылар, жабдықтар, құрылыстар, үйлер және басқа да ғимараттар кіреді.

Магистральдық құбыр объектілерінің құрамы мен техникалық параметрлері жобалық құжаттамада айқындалады.

4. Магистральдық құбырларға кәсіпшілік, технологиялық және ішкі шаруашылық мақсаттар үшін өнімнің меншік иесінің немесе өзге құқық иеленушісінің аумағы шегінде, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағы шегінде өнімді тасымалдауға арналған өзге де құбырлар, сондай-ақ өнімді тұтынушыларға тасымалдауға арналған тарату құбырлары жатпайды.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы