Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Магистральдық құбыр туралы
12-бап. Магистральдық құбырға меншік



Ст. 12 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы



1. Магистральдық құбыр бөлінбейтін мүліктік кешен болып табылады және мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.

2. Магистральдық құбыр, сондай-ақ меншігінде магистральдық құбыр бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттері (қатысу үлестері), меншігінде магистральдық құбыр бар заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама түрде айқындауға немесе олардың қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалардың акциялар пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар стратегиялық объектілерге жатады, оларды иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер етуі мүмкін.

3. Магистральдық құбырдың жеке тұлғалардың, сондай-ақ шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың меншігінде болуына тыйым салынады.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы