Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Магистральдық құбыр туралы
8-бап. Магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік бақылау



Ст. 8 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы



1. Магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар тексеру және мониторинг нысанында жүзеге асырады.

 2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ай сайын уәкілетті органға тасымалдау көлемдері мен бағыттарын көрсете отырып, мұнай тасымалдау кестесінің нақты орындалуы туралы есепті ұсынады.

4. Мұнай тасымалдау кестесінің нақты орындалуы туралы есеп ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.

 Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы