Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
24-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жариялау



Ст. 24 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



1. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста жарияланады. 

2. Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған, Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ресми басылымдарында жариялануға жатады. 

3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының қазақ және орыс тiлдерiнде тең түпнұсқа мәтiнi болмаған жағдайда; олардың қол қойылған тiлдегі тең түпнұсқа мәтіндерiнің бiрi, сондай-ақ халықаралық шарттың қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасы жарияланады.

 Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54