Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті



Ст. 14 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



 Ұлттық қауіпсіздік органы:

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер органдарымен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;

3-1) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;

4) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келген кезде көші-қон карточкаларын беруді және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде оларды алып қалуды жүзеге асырады;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV