Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Халықтың көшi-қоны туралы
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Ст. 12 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган: 

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді; 

3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді; 

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...63

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV