Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері



Ст. 29 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV




1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар. 

2. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің мынадай: 

1) Қазақстан Республикасының азаматтары шақырушы адамдары болып табылатын, осы Заңның 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен жалпы жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын; 

2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында тізбеленген адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері еңбек қызметін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар. 

3. Отбасын біріктіру мақсатында келетін көшіп келушілер: 

1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады; 

2) Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, егер оның бұдан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті. 

Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. БІЛІМ АЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ


Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV