Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 31 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Халықтың көшi-қоны туралы
31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары

Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер: 

1) этникалық қазақтарды қоспағанда, көшіп келуші мен қабылдаушы білім беру ұйымдарының арасындағы шартқа сәйкес тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеуге қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға; 

2) таңдаған мамандығы бойынша білім алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға және медициналық сақтандыруы болуына; 

3) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға; 

4) оқу орнына оқуға қабылданғаны туралы растаманы табыс етуге және (немесе) Қазақстан Республикасына келгенге дейін кәсіптік даярлықтан өтуге шақырған тараптың келісімін растауға міндетті.
Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...63

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV