Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Халықтың көшi-қоны туралы
41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары

Ст. 41 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Маусымдық шетелдік қызметкерлерге келуге визаны шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді. 

2. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары береді. 

3. Маусымдық шетелдік қызметкерлер: 

1) кәмелеттік жаста болуға; 

2) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 

3) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға; 

4) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті. 

Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...63

Перейти к статье






Добавить комментарий к 41-бап Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV