Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 42 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Халықтың көшi-қоны туралы
42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары

1. Маусымдық шетелдік қызметкерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар беретін квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шарттарда және тәртіппен экономиканың жекелеген салаларындағы жұмысқа тартылады. 

2. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үй беруге міндетті. 

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...40 41 42 43 43‑1 ...63

Перейти к статье






Добавить комментарий к 42-бап Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV