Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары



Ст. 43-1 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



 1. Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі:

1) Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылуы;

2) кәмелеттік жаста болуы;

3) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) соттылығының бар не жоқ екендігінің растамасын ұсынуы;

5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі болатын ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтамасын ұсынуы;

 РҚАО-ның ескертпесі!

6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

6) медициналық сақтандыруының болуы тиіс.

2. Еңбекші көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді және еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне ұзартады.

Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.

 Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...42 43 43-1 43-2 44 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 43-1-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV