Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
49-бап. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер



Ст. 49 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



Мынандай:

1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;

2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;

4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;

5) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;

6) ұлтаралық және дiни араздықты өршіткен;

7) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;

8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;

9) ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;

9-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;

10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;

11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;

12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;

13-1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

14) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;

15) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады.

Тұруға ықтиярхатты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз рұқсат беруге тыйым салынады.

 Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАР

Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 49-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV