Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері



Ст. 51 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



1. Ішкі көшіп-қонушылардың:

1) Қазақстан Республикасының заңында жазылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұруға, тұрғылықты жерін еркін таңдауға;

2) тұрғылықты жерінен немесе болатын жерінен мәжбүрлі түрде қоныс аудартудан қорғалуға;

2-1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға;

3) жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуге құқығы бар.

Жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген негіздер бойынша мәжбүрлі түрде қоныс аудартуға жол берілмейді.

2. Ішкі көшіп-қонушылар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуге;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде қайтаруға міндетті.

 Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

 РҚАО-ның ескертпесі!

10-тарау 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі (63-бапты қараңыз). 

10-тарау. ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 51-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV