Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары



Ст. 54 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары: 

1) басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтары; 

2) басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтары болып екі санатқа бөлінеді. 

Басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің персоналы, Қазақстан Республикасына бекітіп берілген квоталарға сәйкес халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған, шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, бітімгершілік парызын орындаушы әскери қызметшілер, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады.

Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 54-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV