Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу



Ст. 52 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті санын айқындайды. 

3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жергілікті атқарушы органдарға берген өтініштің негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 52-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV