Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары



Ст. 6 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келуінің, кетуінің, онда болуының тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

2. Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, заңды паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары бойынша келеді.

3. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визаны ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері береді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визаны ішкі істер органдары береді.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға міндетті.

Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV