Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу



Ст. 7 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



 Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015  № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш береді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына өтініш береді. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін:

1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) бес тәуліктен аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін;

2-1) Қазақстан Республикасына туризм, емделу, жастардың, студенттік және мектептік алмасу бағдарламаларына қатысу, гуманитарлық көмекті алып жүру, келіссөздер жүргізу, шарттар жасасу, аудиторлық және консультациялық қызметтер көрсету мақсаттарымен, сондай-ақ іссапарға келген;

3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте жүрген;

4) дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың құрамына енетін;

5) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылатын;

6) теңіз және өзен кемелері, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуе, теміржол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын;

7) Қазақстан Республикасының аумағына діни және (немесе) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.

Осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ

Статья 1 ...5 6 7 8 8-1 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV