Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi



Ст. 13 Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223




1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 9-бабы 5-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткен соң жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкiлдiктер), сондай-ақ дара кәсiпкерлер сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыру және бұрын берiлген құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қайта ресiмдеу үшiн тiркеушi органдарға өтiнiш беруге мiндеттi.

3. Туу туралы куәлiктi қоспағанда, осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады.

 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының сәйкестендiру коды, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды пайдаланылады.

4. Алып тасталды - ҚР 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Қайта ресiмдеу кезiнде осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттарды беру бұрын берiлген құжаттарды тiркеушi органға тапсырған жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 327-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

Қазақстан Республикасының

Президентi


Статья 1 ...11 12 13 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223