Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы
24-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету



Ст. 24 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV



1. Экологиялық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың:

1) табиғи ресурстарды сақтауға, ұтымды пайдалануға және қалпына келтіруге;

2) қоршаған орта мен ел халқы үшін антропогендік факторлардың қауіптілік деңгейін азайтуға;

3) өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгерімділігін қамтамасыз етуге;

4) қоршаған орта және экологиялық апат аймақтарында тұратын Қазақстан халқы үшін теріс салдарларды жоюға;

5) экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыруға, қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік көзқарас орнатуға;

6) қоғамдық санада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, экологиялық бiлiм беру мен ағарту жүйесін жақсартуға;

7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтауға және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуына;

8) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан болған қатерлерді азайтуға және олардың салдарларын жұмсартуға;

9) халықаралық ынтымақтастықта әріптестік қатынастар орнатуға және халықаралық құқық нормаларын сақтауға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.

2. Уәкілетті мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың мiндетi:

1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау;

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптары мен нормаларын мүлтіксіз сақтау;

3) ел аумағының радиоактивтi, химиялық ластануына, бактериологиялық зарарлануына жол бермеу;

4) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілген технологиялардың, техника мен жабдықтың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуын болдырмау;

5) шаруашылық және өзге де қызметтiң теріс экологиялық зардаптарын жою;

6) қоршаған ортаға және адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеу;

7) басқару органдары мен күштерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының дамуын ескере отырып, азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-қимылдарға міндетті түрде дайындау, халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған жағдайлардағы іс-қимылдарға үйрету;

8) болжанған және туындаған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнінде қабылданған шаралардың жариялығы және олар туралы халыққа және ұйымдарға хабардар ету;

9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарға жедел ден қоюға азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының тұрақты дайындығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV