Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
15-бап. Ұлттық палатаны құру ерекшеліктері



Ст. 15 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V



1. Ұлттық палата коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

Ұлттық палата саяси қызметпен айналысуға, саяси партия құруға және саяси партия болып қайта ұйымдастырылуға құқылы емес.

2. Ұлттық палата әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада өңірлік палаталарды құрады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бір ғана өңірлік палата құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.

3. Тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың аудандарында және астанада, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда өңірлік палатаның филиалдары құрылады.

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...14 14-1 15 16 17 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V