Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
32-бап. Резервтiк талаптар



Ст. 32 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155



Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді. 

Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтiк талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтiк талаптарды есептеу, ең төмен резервтiк талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтiк талаптар нормативтерін резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді. 

Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.  

Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.  

Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.  

Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08. N 69; өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155