Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар



Ст. 46 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155



РҚАО-ның ескертпесі!

46-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

Тозған, Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінің кемінде жетпіс пайызы сақталған банкноттарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусіз айырбастайды. 

РҚАО-ның ескертпесі!

46-баптың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

Елу пайызынан астамы сақталған күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес қабылдайды. 

Қазақстан Ұлттық Банкі күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісінде көзделген тәртіппен айырбастайды. 

Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес. 

Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...44 45 46 47 47-1 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 46-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155