Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
9-бап. Республика Парламентi Палаталарының Төрағалары



Ст. 9 Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529



1. Палаталарды мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжiлiс сайлаған Төрағалар басқарады.

2. Сенат Төрағасының қызметiне кандидатураны Республика Президентi ұсынады. Сенат қабылдамаған кандидатураның орнына жаңа кандидатура енгiзудi Республика Президентi жүзеге асырады.

3. Мәжiлiс Төрағасының қызметiне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

4. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай-ақ олар өз еркiмен орнынан түсуге хақылы.

5. Парламент Палаталарының төрағалары:

1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi;

2) Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды;

3) Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;

4) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды;

5) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды;

6) Палаталарға Конституциялық Кеңестің екі мүшесінің, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесінің қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;

7) өздерiне Парламент Регламентiмен жүктелетiн басқа да мiндеттердi атқарады.

6. Егер тиiстi палатада дауыс беру кезiнде депутаттардың дауыстары екiге тең бөлiнген жағдайда Палаталардың төрағалары шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

7. Мәжiлiс Төрағасы:

1) Парламент сессияларын ашады;

2) Палаталардың бiрлескен кезектi отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi.

8. Сенат Төрағасы мен Мәжіліс Төрағасының Палата төрағасының ұсынуымен Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен тиiстi Палата сайлаған екі-екіден орынбасарлары болады. Палаталар төрағаларының орынбасарлары Палаталар төрағаларының уәкiлдiк беруiмен олардың жекелеген функцияларын атқарады, сондай-ақ төрағалар орнында болмаған немесе өз мiндеттерiн жүзеге асыруы мүмкiн емес жағдайда олардың міндетін атқарады. Палаталар төрағаларының орынбасарлары Палаталар төрағаларының ұсынысы бойынша, егер бұл үшiн тиiстi Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн.

9. Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Конституциялық 2007.06.19. N 266 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529