Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
17-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi

Ст. 17 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есепке жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен кірісін растайтын құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға берiледi. 

2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді. 

3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті. 

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...74

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V