Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақша төлемi мен аударымы туралы

Ақша төлемi мен аударымы туралы
13-бап. Төлемдiк талап-тапсырма



Ст. 13 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Ақша жөнелтушінің банкі төлемдік талап-тапсырманы осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтушінің акцепті болғанда ғана орындауға тиіс.

Банктер ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясының не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, берешекті қарыз алушыдан, кепілгерден өндіріп алу үшін қолданады және ақша жөнелтушінің өз банк шотынан ақшаны акцептсіз алып қоюға келісімі бар құжаттар қоса тіркеліп, ақшаны жөнелтуші банкке береді.

Ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін талап-тапсырма негізінде ақшаны алып қоюдың негізділігі үшін өндіріп алушы жауаптылықта болады.

Төлемдік талап-тапсырмаларды беру, сондай-ақ ақшаны алып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын не көшірмелерін қоса тіркеу қажеттігі туралы талап ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

2. Төлемдiк талап-тапсырмаларды пайдалана отырып төлем жасаған кездегi құқықтар мен мiндеттер ақша жөнелтушiнiң банкiне оны ұсынған кезден бастап туындайды. Ақша жөнелтушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ақша жөнелтушi банкке ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырма қойылған жағдайларды қоспағанда алынған төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге акцептеуi үшiн беруге тиiс. Ақшаны жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырманы алғаннан кейiн оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелдi түрде бас тартуға тиiс. Төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушi не ақша жөнелтушi банк акцепттеген жағдайда, егер талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпесе, төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiде оны орындау жөнiнде талап ету құқығы пайда болады.

 РҚАО-ның ескертпесі!

13-бапты 3-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.03.29 N 42, 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11-1 12 13 14 15 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237