Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақша төлемi мен аударымы туралы

Ақша төлемi мен аударымы туралы
21-бап. Төлем



Ст. 21 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Төлем азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарының, Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен сот шешiмдерiнiң негiзiнде және соларға сәйкес жүргiзiледi.

2. Төлем азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарына сәйкес олардың ерiктi негiзде жүзеге асырылуын көздейдi.

3. Төлем Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен сот шешiмдерiне сәйкес олардың мiндеттi түрде жүзеге асырылуын көздейдi.

4. Төлем қолма-қол ақшаны пайдалана отырып та, оны пайдаланбай да (қолма-қол жасалмайтын төлем) жүргiзiледi.

 4-1. Заңды тұлғалар арасындағы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын мәмiле бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен ғана жүзеге асырылады. 

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.03.29 N 42, 2003.07.09 N 482, 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237