Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақша төлемi мен аударымы туралы

Ақша төлемi мен аударымы туралы
19-бап. Нұсқауды орындау



Ст. 19 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Алушы банктің нұсқауды орындауы мұндай нұсқауды оның акцептеуi негiзiнде жүзеге асырылады.

Алушы банктiң жөнелтушi алдындағы алынған нұсқауға сәйкес аударым не ақша төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындауы нұсқаудың орындалуы болып табылады.

Мынадай iс-қимылдар нұсқаудың орындалуы болып табылады:

1) алушы банктiң келесi алушы банкке бенефициардың пайдасына, егер алушы банк бенефициар банкi болып табылмаса ғана, ақша аудару туралы нұсқауын табыстауы;

2) егер алушы банк бенефициар банкi болып табылса, ақша аударымын аяқтауы;

3) егер алушы банк ақша жөнелтушiнiң банкi болып табылса, қолма-қол ақша төлеу туралы нұсқауды ұсынған жөнелтушiге қолма-қол ақшаны беруi.

2. Нұсқауды алушы банк егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, осындай нұсқаудың шарттарын сақтай отырып, егер мұндай нұсқаудың шарттарында оны орындаудың өзге мерзiмi белгiленбеген болса, алушы банктiң алынған нұсқау акцептелген күннен кейiнгi операциялық күнiнен кешiктiрмей орындайды.

Егер ақша аудару туралы нұсқауды орындаудың шарттары алушы банк үшiн орындалмайтындай болса не оларды орындау ақша аударуды кiдiртуге немесе қосымша шығындарға әкеп соғуы мүмкiн болса, алушы банк операциялық күн iшiнде бұл туралы жөнелтушiге хабарлауға мiндеттi. Нұсқаулар олардың түскен күнi мен уақыты ескерiле отырып орындалады.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.03.29 N 42 Заңымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237