Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақша төлемi мен аударымы туралы
30-бап. Ақша аударымы туралы нұсқауды ұсыну әдiстерi



Ст. 30 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Ақша аударымы туралы нұсқауларды орындау үшiн оларды ұсыну мынадай әдiстермен:

1) төлем құжатының қағазға басылған түпнұсқасын ұсыну арқылы;

2) нұсқауды байланыс пен телекоммуникацияның тиiстi электронды арналарын пайдалана отырып, қағазға баспай-ақ электрондық әдiспен беру арқылы жүргiзiледi;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген өзге де әдiстермен жүргiзiледi.

2. Нұсқауды электронды әдiспен ұсынуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн талаптар сақталған жағдайда ғана жол берiледi. Мұндай талаптар болмаған жағдайда банк тәжiрибесiнде қабылданған бiр iзге түсiрiлген ережелер және (немесе) iскерлiк айналымындағы ресiмдерi қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында тек қана қағазға басу көзделген нұсқауларды электронды әдiспен ұсынуға тыйым салынады.

4. Егер жөнелтушi алушы банктiң клиентi болса, жөнелтушiнiң алушы банкке ақша аудару туралы нұсқауын ұсыну әдiстерi, тәртiбi мен ережелерi олардың арасында жасалған шартта көрсетiледi. Егер жөнелтушi алушы банктiң клиентi болмаса, нұсқауды ұсыну осы Заңның нормаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң соған сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.

Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.03.29 N 42 Заңымен.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237