Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы

Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы
7-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын өндіруге, беруге және сатып алуға қатысушылардың міндеттері



Ст. 7-1 Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV



1. Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалған, өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері берген электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті. 

2. Шартты тұтынушылар: 

1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен жыл сайын үлгілік нысанға сәйкес шарт жасасуға және электр энергиясы берілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оның ақысын төлеуге; 

2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден қабылдау туралы ақпарат беруге; 

3) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылға электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға міндетті. 

2-1. Басым шартты тұтынушылар осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6, 6-1, 6-2 және 8-тармақтарында көзделген міндеттерді атқарады. Басым шартты тұтынушылар жыл сайын қаржы-есеп айырысу орталығымен үлгілік нысанға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алуға шарттар жасасуға міндетті. 

3. Қаржы-есеп айырысу орталығы: 

1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеуді ескере отырып, қаржы-есеп айырысу орталығы мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасындағы сатып алу-сату шартын жасасу күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге; 

1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалар бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге; 

2) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен, электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша шартты тұтынушыларға сатуға; 

3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын, бір жыл алға болжанатын шығындарды жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есептеп айқындауға және болжамды жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялауға міндетті. 

4. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын он бес жыл мерзімге жасасады. 

5. Қаржы-есеп айырысу орталығы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті. 

6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар: 

1) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат беруге; 

2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей оны шығарудың, желілерге жіберудің тәулік сайынғы нақты көлемдері туралы ақпарат беруге; 

3) қаржы есеп айырысу орталығына жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға; 

4) өңірлік электр желілік компанияға және (немесе) жүйелік операторға тәуліктік және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) электр энергиясын беру кестелерін ұсынуға; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 

6-1. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген міндеттермен қатар, белгіленген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүйелік оператор берген, генерациялайтын қондырғылардың жұмыс режимдерін сақтауға міндетті. 

6-2. Су қоймаларымен жарақтандырылған гидроэлектр станциялары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін су режимі шеңберінде Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде жүйелік оператордың өкіміне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулік ішінде реттеуді жүзеге асыруға міндетті. 

7. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне жаңартылатын энергия көздерін енгізгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде оларды пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінім береді. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге қоса мынадай материалдар мен құжаттарды: 

1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін; 

2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпаратты береді. 

8. Басым шартты тұтынушы құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болуға міндетті. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс. 

Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 128-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ


Статья 1 ...6-1 7 7-1 8 8-1 ...12 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-1-бап Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV