Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы
9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр және (немесе) жылу энергиясын сату кезіндегі қолдау



Ст. 9 Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV




1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өз қалауымен, өндірілген электр энергиясын мынадай нұсқалардың бірі бойынша: 

1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеуді ескере отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына; 

2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға өткізуге құқылы. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірілетін электр энергиясын осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген нұсқа бойынша өткізуге көшуге құқылы емес. 

2. Қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі. 

3. Егер осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерiнен электр энергиясын сатудан қаржы-есеп айырысу орталығы алған ақша сомасы ағымдағы тоқсанда жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн қажеттi шамадан кем болса немесе асып кетсе, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеудi жүргiзедi және келесi тоқсанға электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында шығындарды қайта бөледi. 

Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну көлеміне пропорционалды түрде бөледі. 

4. Қаржы-есеп айырысу орталығынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шартты тұтынушының шығындарын осы шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушылар желіге жіберілген электр энергиясының жалпы көлеміне қатысты сатып алушының сатып алған электр энергиясы көлемінің тиісті үлесіне барабар өтейді. 

4-1. Шартты тұтынушының қаржы-есеп айырысу орталығынан жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерi өндiрген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары электр энергиясына шектi тарифтiң шамасын айқындау кезiнде ескерiледi. 

5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген жылу энергиясын сатып алу-сату шарттары жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңге жасалады. 

6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін және орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiндегi жылу тасымалдағыштың тиісті параметрлерiне сәйкес келетiн параметрлерiмен елдi мекеннің орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiне берiлетін барлық жылу энергиясын осы елді мекеннің энергиямен жабдықтаушы ұйымы сатып алады. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндiрген жылу энергиясына жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифiне енгізіледі. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жылумен жабдықтаудың маусымдық сипатына байланысты орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiне жылу энергиясын беру кезеңдерiн энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келiседi. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жылу энергиясын беру кезiнде энергия берушi ұйымдардың жылу энергиясын беру қызметіне ақы төлеуден босатылады. 

7. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға желілер бойынша электр энергиясын беруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. 

Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын беру кезінде энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру қызметтеріне ақы төлеуден босатылады. 

8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен өндірілетін электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді уәкілетті орган бекіткен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады. 

9. Нетто-тұтынушы өзiне қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифi бойынша, электр желiсiнен есептi кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiне, нақ сол кезең iшiнде электр желiсiне өзі берген көлемдi шегере отырып, ақы төлейдi. 

Электр желiсiне есептi кезең iшiнде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемi желiден нақ сол кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiнен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы берген электр энергиясы үшін сатуға арналған өзінің қолданыстағы тарифi бойынша нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлемінде ақы төлейдi. 

Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алуы-сатуы уәкiлеттi орган әзiрлеген және бекiткен Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

10. Мемлекет уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде жеке тұтынушыларға атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары пайдалануға берілгеннен кейін төленеді. 

11. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысын сатып алуға атаулы көмек алған жеке тұтынушы осы қондырғыда шығарылған электр және (немесе) жылу энергиясын басқа тұтынушыларға сатуды жүзеге асыруға құқылы емес. 

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 128-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...8 8-1 9 10 11 12 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV