Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы
40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі



Ст. 40 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І



1. Сезіктілер мен айыпталушылар күзетте ұсталған уақытында мемлекетке материалдық залал келтіргені үшін:  

1) еңбек міндеттерін атқару кезінде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртіп пен мөлшерде;  

2) өзге де іс-әрекеттерімен залал келтіргенде - заңдарда көзделген тәртіп пен мөлшерде материалдық жағынан жауапты болады.  

2. Сезікті немесе айыпталушы мемлекетке келтірген материалдық залалдың мөлшері күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының қаулысымен белгіленеді.  

3. Қаулы сезіктіге немесе айыпталушыға қолы қойғызыла отырып жарияланады және оған жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады.  

4. Материалдық залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен өндіріліп алынады.  

5. Келтірілген материалдық залал үшін дұрыс өндіріліп алынбаған сомалар сезіктіге немесе айыпталушыға қайтарылуға тиіс және оның жеке шотына салынады.  

6. Сезіктінің немесе айыпталушының өтініш бойынша ол келтірген материалдық залалды оның туыстары немесе өзге де адамдар олардың келісімімен өтеуі мүмкін.  

7. Сотталған адам жазалауды орындаушы мекемеге жіберілген жағдайда өтелмеген материалдық залалды аталған мекеменің әкімшілігі сотталған адамның жеке шотына түскен қаражаттан өндіріп алады.  

8. Сезікті немесе айыпталушы күзетте ұстаудан босатылған жағдайда олар өтемеген материалдық залал соттың шешімімен өндіріліп алынуы мүмкін.  

9. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің кінәсінен сезіктіге немесе айыпталушыға келтірілген материалдық залал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріліп алынады.

Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253 Заңымен.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 40-бап Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І