Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұтыну кооперативi туралы
13-бап. Тұтыну кооперативiне мүшелiк



Ст. 13 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Он сегiз жасқа толған азаматтар және заңды тұлғалар тұтыну кооперативiнiң мүшелерi бола алады.

2. Азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрнеше тұтыну кооперативтерiнiң мүшесi бола алады.

3. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң саны екi азаматтан кем болмауға тиiс. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң ең көп санына шек қойылмайды.

4. Тұтыну кооперативiне осы Заңның және тұтыну кооперативi жарғысының ережелерiн сақтай отырып жүргiзiлген жаңа мүшелер қабылдау жалпы жиналыстың шешiмiмен ресiмделедi.

5. Тұтыну кооперативiне мүше болғысы келетiн азамат немесе заңды тұлға атқарушы органға тұтыну кооперативiне қабылдау туралы жазбаша нысанда арыз бередi. Арызда азаматтың аты-жөнi, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi немесе заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi және банк реквизиттерi көрсетiлуге тиiс.

6. Тұтыну кооперативіне қабылдау туралы арызды тұтыну кооперативінің атқарушы органы он күн ішінде қарауға тиіс.

7. Тұтыну кооперативiнiң мүлкiнде ол құрылғаннан кейiн үлес құқығын алған үшiншi тұлғалардың тұтыну кооперативiнiң мүшелiгiне бiрiншi кезекте қабылдануға құқығы бар.

8. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында өзгеше көзделмесе, тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерiнiң тұтыну кооперативiнiң мүшелiгiне бiрiншi кезекте қабылдануға құқығы бар. Жарғыда өзгеше көзделген жағдайда мұрагерлерiне кооператив тұтыну кооперативiнің мүлкiндегi оның мүлiктiк (пайлық) жарнасына бара-бар үлесiн төлейдi.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197