Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтыну кооперативi туралы

Тұтыну кооперативi туралы
6-бап. Тұтыну кооперативiнiң құқық қабiлетi



Ст. 6 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Тұтыну кооперативi заңды тұлға болып табылады және оның мыналарға: 

1) өз мүшелерiнiң қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызметпен айналысуға;

2) жарғылық мақсаттарға қол жеткiзуге қызмет етуiне қарай, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында және кооперативтің жарғысында белгiленген тәртiппен өзiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi болуына;

4) тұтыну кооперативiнiң құқықтарын бұзатын мемлекеттiк органдардың актiлерiне, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының актiлерiне, олардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;

5) заңды тұлғаның тұтыну кооперативінiң жарғысында көзделген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi өзге де құқықтарын жүзеге асыруға құқығы бар.

2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жекелеген қызмет түрлерiмен немесе әрекеттермен (операциялармен) тұтыну кооперативi рұқсаттың не хабарлама жіберудің негiзiнде ғана айналыса алады.

3. Тұтыну кооперативi қызметiнiң мәнi мен мақсаттары оның құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197