Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өрт қауiпсiздiгi туралы
25-1-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге  тәуелсiз бағалау жүргiзу



Ст. 25-1 Өрт қауiпсiздiгi туралы



1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау объектiнiң меншiк иесi мен сарапшы ұйым арасында жасалатын шарт негiзiнде жүргiзiледi.

Сарапшы ұйым өрт қауiпсiздiгi саласындағы өзге де қызметтi жүзеге асыруға, басқа жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтер көрсетуге құқылы емес, сондай-ақ өзiне меншiк құқығымен тиесiлi объектiде өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалауды жүргiзе алмайды.

2. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау мынадай iс-шараларды:

1) объектiнiң өрт қауiптiлiгiн, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейiн сипаттайтын құжаттарды талдауды;

2) объектiнiң өрт қауiпсiздiгi жай-күйi туралы объективтi ақпарат алу, өрттiң шығу және өршу, өрттiң қауiптi факторларының адамдарға әсер ету мүмкiндiгiн анықтау үшiн, сондай-ақ объектiнiң өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн объектiнi тексерудi;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау жөнiндегi есептемелердi жүргiзудi;

4) объектiнiң өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы қорытынды дайындауды қамтиды.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалау жүргiзу нәтижелерi қорытынды түрiнде ресiмделедi.

Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қорытындының көшiрмесiн уәкiлеттi органның аумақтың бөлiмшесiне табыс етедi.

Қорытындының қолданылу мерзiмi үш жылды құрайды.

3. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау мемлекеттiк меншiк объектiлерiнде, адамдар жаппай жиналатын және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде жүргiзiлмейдi.

Қатерлердi тәуелсiз бағалау нәтижелерi объектiлердi катер дәрежесi бойынша бөлу үшiн негiз болып табылады.  

Статья 1 ...24 25 25-1 25-2 26 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өрт қауiпсiздiгi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-1-бап Өрт қауiпсiздiгi туралы