Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәсiптiк одақтар туралы
11-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек ету және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау



Ст. 11 Кәсiптiк одақтар туралы



Қызметкерлердiң еңбек жағдайлары мен оған нақты ақы төлеу, еңбек қорғау және өндiрiстегi қауiпсiздiк, жұмыспен қамту, тұрғын үй жағдайлары, әлеуметтiк сақтандыру және денсаулығын сақтау, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы кәсiподақтардың құқықтары Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.

Кәсiптiк одақ өз мүшелерiнiң еңбек ету және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн мынадай жолдармен қорғайды:

кәсiподақ мүшесi жұмыс берушiмен контракт (шарт, келiсiм) жасасқан кезде оған құқылық және консультациялық көмек көрсету;

өз мүшелерiнiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғап, сотқа жүгiну;

iс қаралған кезде сотқа қатысу;

өз мүшелерi атынан жұмыс берушiмен кәсiподақ мүшелерiн, сондай-ақ еңбек ұжымының осы шартқа қатысуға қарсы емес басқа да мүшелерiн қамтитын шарттар, келiсiмдер жасасу.

Өз мүшелерiнiң еңбек ету және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында кәсiптiк одақтар қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтiн басқа да әдiстердi пайдалана алады.

Кәсiподақ өз мүшелерiнiң отбасыларына да көмек көрсетедi.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кәсiптiк одақтар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Кәсiптiк одақтар туралы