Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
22-бап. Республика министрлiгi



Ст. 22 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Министрлік Республиканың тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

2-1. Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.

2-2. Министрліктің құрылымын министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.

Министрлік департаменттері мен басқармаларының жиынтығы министрлік аппараты болып табылады.

3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.

4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.

Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06
N 379 Заңымен; 2007.06.19 N 267; 29.09.2014 N 238-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

Статья 1 ...21 21-1 22 23 24 ...27 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688