Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Алқабилер туралы

Алқабилер туралы
10-бап. Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар



Ст. 10 Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121



1. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне:

1) алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған;

2) өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар;

3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар;

4) судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;

5) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар енгізілмейді.

2. Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi.

3. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiнен:

1) қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргізілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар;

2) өздерінің дене кемiстігі немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз адамдар;

3) алпыс бес жастан асқан адамдар;

4) дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiніші бойынша алып тасталады.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121