Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Алқабилер туралы
11-бап. Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 11 Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121



1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен осы Заңда белгiленген тәртiппен алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы қамтамасыз етiлуге тиiс.

2. Азаматтар осы Заңда белгiленген тәртіппен алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiмен танысуға құқылы.

3. Азаматтар жергiлiктi атқарушы органдардың сауал салуы бойынша алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн қажеттi ақпаратты оларға беруге мiндеттi.

4. Алқабиге кандидаттардың тізімдерін жасау үшiн қажеттi ақпаратты бермегенi, сондай-ақ дұрыс емес ақпарат бергенi үшiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауаптылықта болады.

5. Сот отырысының орны мен басталу уақыты туралы хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге міндетті. Азаматтың дәлелсiз себептермен келмей қалуы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121