Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Алқабилер туралы
17-бап. Алқабидің тәуелсiздiгiне кепiлдiктер



Ст. 17 Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121



1. Алқаби сотта өз мiндеттерiн атқарған кезеңде оған судьялардың тәуелсiздiгiне заңдарда белгіленген кепiлдiктер қолданылады.

2. Сотта мiндеттерiн атқару кезiнде алқабидiң тәуелсiздiгi:

1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;

2) сот төрелiгiн жүзеге асыруға қатысу бойынша алқабидiң қызметiне кiмнiң болса да араласуына жауаптылық қаупi арқылы тыйым салумен қамтамасыз етiледi.

3. Алқаби, оның отбасы мүшелерi және олардың мүлiктерi мемлекеттiң қорғауында болады. Қылмыстық iстi жүргiзетiн орган, егер сотта мiндеттерiн атқарушы алқабиден тиiсті өтiнiш келіп түссе, сондай-ақ аталған адамдардың қауiпсiздiгiне немесе олардың мүлiктерiнiң сақталуына қауiп төнудiң басқа да айғақтары анықталған жағдайларда, алқабидiң, оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121