Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 15 Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

Алқабилер туралы
15-бап. Азаматтың алқаби мiндеттерiн атқару тәртiбi мен мерзiмдерi

1. Iстi қарауға қатысу үшiн сотқа алқабиге кандидаттардың қажеттi санын шақыртуды алқабилердің қатысуымен қылмыстық iстi қарайтын соттың төрағалық етуші судьясының өкiмiне сәйкес сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.

2. Азаматтар сотта алқабидiң мiндеттерiн атқаруға күнтiзбелiк жыл iшiнде көп дегенде бiр рет, қылмыстық iс қаралатын барлық уақытқа шақырылады.

3. Сотқа шақырылған, бiрақ алқабилер алқасының құрамына iрiктеп алынбаған адамдар басқа сот отырысына алқаби ретiнде қатысу үшiн тартылуы мүмкiн.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...19

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121