Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік



Ст. 13 Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126



1. Арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп жүргізеді және арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты мен бөлінген активтері, облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) бойынша бөлек қаржылық есептілікті ұсынады.  

2. Уәкілетті орган осы облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіткеннен кейін қалған облигациялар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер арнайы қаржы компаниясының кірісіне (залалына) жатқызылады.  

3. Арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 

4. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясының активтерін, сондай-ақ облигациялармен жасалған мәмілелерді есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді. 

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126