Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
4-2-бап. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы қызметінің ерекшеліктері



Ст. 4-2 Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126



1. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясының мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға: 

1) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген қарыз шарттарын жобалық қаржыландыру мәмілелерін іске асыру мақсатында жасасуға; 

2) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруға; 

3) базалық шарт бойынша орындаушының ақшалай талап етулерін беру негізінде қаржыландыру шартын жасасуға; 

4) бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында инвестициялауды жүзеге асыруға; 

5) осы баптың 2-тармағында белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, жобалық қаржыландыру мәмілесін іске асыру үшін қажетті, кредиторлардың мүддесіндегі өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар. 

2. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы: 

1) басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) болуға; 

2) филиалдар және өкілдіктер құруға; 

3) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалғанға дейін акционерлерге дивидендтер төлеуге немесе таза пайданы серіктестік қатысушыларының арасында бөлуге; 

4) кредиторлардың келісімінсіз талап ету құқықтарын кейіннен беруді жүзеге асыруға; 

5) жобалық қаржыландыру мәмілелеріне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес. 

3. Жобалық қаржыландыру мәмілесіне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыру арнайы қаржы компаниясы үшін құқықтар мен міндеттердің туындауына әкеп соқпайды. 

Ескерту. Заң 4-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...4 4-1 4-2 5 5-1 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-2-бап Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126