Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі



Ст. 4 Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126



1. Арнайы қаржы компаниясын оригинатор немесе өзге тұлға жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесіне қатысу үшін акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құра алады.

Арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылады.

Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақта тіркелген, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін үлестес тұлғалары бар заңды тұлғалар арнайы қаржы компаниясының дауыс беретін акцияларын және жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) билік етуге құқылы емес.

2. Арнайы қаржы компаниясының атауында "арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер болуға тиіс. Атауында "АҚК" аббревиатурасын пайдалану арқылы арнайы қаржы компаниясының атауын қысқартуға жол беріледі. Арнайы қаржы компаниясының атауында оригинатордың немесе арнайы қаржы компаниясы құрылтайшыларының фирмалық атауына байланысты сөздерді пайдалануға жол берілмейді.

3. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқарушымен шарт негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарына ғана инвестициялауды жүзеге асырады.

4. Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 4-1 4-2 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126