Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
22-5-бап. Тамақтану, тамақ өнімдерін және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын сатып алу



Ст. 22-5 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормалар бойынша тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз етіледі.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Тамақтану ойын және жатын бөлмелерден бөлек үй-жайларда (асханаларда) жүзеге асырылады.

3. Арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі кәмелетке толмағандарға гигиена, санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жағдайлар жасауға міндетті.

4. Арнаулы мекемелер мен ұйымдар кәмелетке толмағандарға арналған, гигиена, санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетін, сондай-ақ арнаулы мекемелер мен ұйымдардан кәмелетке толмағандардың өз бетімен кетіп қалу жағдайларын болғызбайтын ойын залдарымен, жатын үй-жайлармен, тамақтануға арналған үй-жайлармен, оқу сыныбымен және серуендеу аулаларымен жарақтандырылуға тиіс.

5. Кәмелетке толмағандар оқу құралдарымен, әдебиетпен, кеңсе заттарымен және міндетті орта білім алу үшін қажетті басқа құралдармен қамтамасыз етіледі.

 Ескерту. Заң 22-5-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...22-3 22-4 22-5 22-6 22-7 ...36 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-5-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591