Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Органикалық өнім өндіру туралы

Органикалық өнім өндіру туралы
14-бап. Органикалық өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптар



Ст. 14 Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ



1. Органикалық өнімді таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Сертификатталған органикалық өнімді өндіретін және (немесе) өткізетін кәсіпкерлік субъектілерінің органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін пайдалануға құқығы бар.

3. Органикалық өнімді таңбалау және оны жарнамалау кезінде органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында келтірілген, «био» және «эко» деген сияқты олардан туындайтын белгілемелерді немесе қысқартылған нысандарын бөлек немесе сөз тіркесінде пайдалануға рұқсат беріледі.

Осы өнім немесе оны өндіру кезінде қолданылатын ингредиенттер Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасына сәйкес келеді деп тұтынушыны жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкін, сауда таңбалары пайдаланатын белгілемелерді, сондай-ақ таңбалау және жарнамалау әдістерін қоса алғанда, осы тармақта көзделген кез келген белгілемелерге жол берілмейді. 
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ